Кеден одағы мен БЭК экономикалық әлеуеттің әлемдік өзегіне айналады - Беларусь премьері

МИНСК. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин, Қанат Құлшыманов/ - Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жақын арада экономикалық әлеуеттің басқа да мемлекеттер үшін тартымды болатын нақты әлемдік өзегіне айналады,

дейді Беларусь премьері Михаил Мясников.

Кеше Минскіде Үкімет басшылары деңгейінде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысында Беларусь премьері осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, жүріп жатқан ықпалдастық үдерістер мен олардың нәтижелері «үштіктің» қатарына қосылатын үшінші мемлекеттер үшін тартымды болуына қажетті құқықтық негізді құратын болады.