деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттерінің құзырлы орган басшылары, сарапшылар және дипломатиялық қызмет өкілдері қатысты.
«2009 жылдың қарашасы мен 2010 жылдың сәуірі аралығында БАҚ-та Кеден одағы туралы 5897 материал жарық көрді. Бұл жалпы ақпарат тасқынының 3,9 пайызын құрайды. Олардың 2604-і мерзімді басылымдарда (44 пайыз), 3035-і интернет басылымдарда (52 пайыз), ал 258-і телеарналардың ақпараттық шығарылымдарының (4 пайыз) үлесіне тиеді», дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов. Оның айтуынша, бұл материалдардың 36,3 пайызында Кеден одағының жағымды жақтары, 28,5 пайызында жағымсыз тұстары айтылса, 35,2 пайызында бейтарап бағыт ұстанылған.