«Ең маңызды мәселе - біздің тәуелсіздігіміздің мәселесі, ең алдымен - біздің ұлттық мүддеміз. Біздің компанияларымыз, біздің азаматтарымыз Кеден Одағының құрылуынан басымдықтар көруі керек. Кеден Одағын құру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды», - деді К.Мәсімов.
Ол сондай-ақ, 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан мен Ресейдің арасындағы кедендік шекараның алынып тасталуы «Қазақстан-2020» Стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясындағы жобалар күшіне енген соң, шығарылуы арта түсетін қазақстандық өнімдердің өткізілу нарығын кеңейте түсетінін атап көрсетті.