Кеден одағына мүше елдердің үкімет басшылары 19 мамыр күні Минскіде кездеседі
18:37, 06 Мамыр 2011
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Кеден одағына мүше Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінің үкімет басшылары 19 мамыр күні Беларус астанасында кездеседі, ол жерде премьер-министрлер деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 15-ші отырысы өтеді,
деп хабарлайды Кеден одағы комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған БЕЛТА агенттігі.
Отырыста Кеден одағының келісімшарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын бірқатар халықаралық келісімдерді іске қосу көзделуде.
Отырыста сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру ұстанымдары туралы декларацияны қарау жоспарланған.