Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің бірлескен алқасын құру туралы шартқа қол рәсімі аяқталуға жақын

ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің бірлескен алқасын құру туралы шартқа қол рәсімі аяқталуға жақын.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай осылай мәлім етті.

Өзгерістер енгізілген хаттамаға сәйкес, Кеден одағы комиссиясының шешімі нақты 30 күн ішінде күшіне енеді деген қағида кіріктірілді. Сонымен қатар, құжат бойынша кезек күттірмейтін жағдайлар үшін басқа мерзімді анықтау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл кей кездері нарық талабына сәйкес жедел шешім табу тетігі болып табылады. Бұдан бөлек, шарттың 6-бабы жекелеген Кеден комиссиясына жекелеген мәселелер бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау және ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін кеңесші органдар құру бойынша құқық берілген.

«Бүгінгі таңда Кеден одағы аясында мынадай кеңесші органдар жұмыс атқаруда: сыртқы сауданы реттеу жөніндегі комитет, техникалық реттеу, санитарлық-ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі үйлестіруші комитеті. Бұдан бөлек Кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден қызметтерінің бірлескен алқасын құру туралы шартқа қол рәсімі аяқталуға жақын», - дейді Қ. Сарыбай. Оның айтуынша, заң теріс әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.