Кеден одағында кейінге қалдырылған кедендік құнды анықтау тәртібі енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден одағының үш елі үшін кейінге қалдырылған кедендік құнды анықтауды қолдану тәртібі қабылдады, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен. Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия және Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік органдары өкілдерімен тауарлардың кейінге қалдырылған кедендік құнын айқындау рәсімдерін қолдану жөніндегі мәселелерді талқылады.

«Біз кедендік құнды дәйекті декларациялау үшін кәсіпкерлердің шығындарын қалайша төмендетуге болатындығы туралы аса маңызды мәселені талқылап отырмыз. Бүгінгі күні декларациялау үшін кедендік құнды қамтитын құрамдас бөліктердің барлығы белгілі емес. Міне, осы мәселелер бойынша кейінге қалдырылған кедендік құн туралы шешім қабылдауға болады. Яғни, тауарлардың соңғы құнын кейінірек мәлімдеуге болады және мұнымен, бұл дәйекті декларациялау болып есептелмейді. Сонымен бірге бизнес бұл үшін жауапты болмайды», - деді ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дина Мамашева.

Оның айтуынша, аталған шешімді қабылдау байыпты ойластыруды талап етеді. Өйткені ол лицензиялық төлемдер, есепке алу тәртібі, бухгалтерлік, салықтық және кедендік есепке алу және басқа да арақатынастар сияқты көптеген күрделі мәселелерді қамтиды.