Нью-Йорк тауарлы-шикізат биржасында (NYMEX) баж салығын есептеу үшін қолданылатын қант шикізатының орташа айлық бағасы, 2011 жылдың маусым айында 574,65 доллар/тоннаны құраған. Бұл 1 тонна үшін 140 доллар баж салығы ставкасына сай келеді.
2011 жылдың наурызынан бастап маусым айына дейінгі аралықта қант шикізатының импорттық баж салығы 50 доллар/тоннаны құраған болатын, ал маусым айында 85 доллар/тоннаға дейін көтерілді. 140 доллар мөлшеріндегі ставка 2010 жылдың қазан айынан бастап 2011 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта сақталды.
Қант қызылшасының орағы қарсаңында, 2011 жылдың тамыз айынан бастап Кеден одағында қант нарығының қорғаныс тетігін күшейтетін баж салығының жаңа бағамы күшіне енгелі отыр. Оған сәйкес қант шикізаты импортының баж салығының минимальды мөлшері 140 доллар/тоннаны, ең жоғарғы көрсеткіші -270 доллар/тоннаны құрайтын болады.