Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Мәскеу қаласының сыртындағы «Горки» резиденциясында Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен болған кездесуі барысында мәлім етті.
Н.Назарбаев РФ Президентіне Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үрдісі мен осы ұйым саммитіне тікелей қатысқаны үшін алғысын жеткізді. «Өткен жыл Кеден одағының құрылуымен тарихта қалады. Бұл КСРО құлағаннан кейінгі 20 жыл ішінде қол жеткізген ең тамаша ықпалдастық бірлестігі болып табылады», - деді Қазақстан Президенті.
«Еуропалық Одақ пен Қытай Халық Республикасы арасында Еуропа мен Азия арасын жалғастыратын буын болып табылатын бірлестік құрылуда. Кеден одағындағы алғашқы бір жылда біздің елдеріміз арасындағы сауда 30 пайызға артты, яғни біз дағдарыстан кейінгі кезеңге шығудамыз», - деп атап өтті Н.Назарбаев.