«Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы Сенаттың отырысында қаралады

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар «Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын Сенаттың жалпы отырысында қарайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін аталмыш құжатты Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқылаған депутаттар осындай келісімге келді.Еліміздің Қаржы вице-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, заң жобасы Кеден одағының бірыңғай кедендік тариф қолдану мақсатындағы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережесін белгілейді. Келісім бойынша құжатты қабылдаған елдер өз мемлекеттеріндегі ұлттық заңнамаларында көрсетілген талаптарды көрсетуге құқылы. «Заң жобасы күшіне енетін болса, ол Кедендік одақ құрамындағы елдердің кедендік төлемдердің құнын анықтаудағы ұлттық заңнамаларын жетілдіруге мүмкіндік тудырып, кедендік төлемдердің бірыңғай бағасын бекітуге жағдай жасайды. Заң жобасындағы талаптар қосымша қаржыны қажет етпейді», деді вице-министр.