Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімнің айналымы туралы келісім заңмен бекітілмек

СТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Үкімет «Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы Келісімді ратификациялау Кеден одағының кедендік аумағында өнімнің еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға және кедендік аумағына әкелу тәртібін анықтауға және сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдерді Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында тасымалдауға мүмкіндік береді.

Келісім бірыңғай кедендік аумаққа әкелінетін сәкестігін міндетті түрде бағалауға жататын өнімге, сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағына тасымалданатын өнімге қатысты болады.

Заң жобасын қабылдау қажеттілігі өнімнің сәйкестігін міндетті түрде бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін, яғни белгілі бір шарттар сақталған кезде сынақ хаттамалары мен сәйкестік сертификаттарын өзара мойындауды көздейді.

Келісім аталған өнімге ЕурАзЭҚ техникалық регламенті күшіне енгенге дейін өнімге қатысты қолданылады.

Бұдан басқа, Келісім Сәйкестік сертификаттарының бірыңғай нысанын және сәйкестік туралы декларацияларды белгілеуді көздейді.

Осылайша, сәйкестік сертификатының бірыңғай нысанын қолданысқа енгізгенге дейін оған қатысты бірдей міндетті талаптар сертификаттаудың нысандары мен схемалары белгіленген.

Келісім ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2009 жылғы желтоқсанның 11-індегі шешімімен қабылданды.