Бұл туралы Минскіде өткен Беларусь ғылыми-өнеркәсіптік қауымдастығының республикалық директорлар кеңесінің мәжілісінде мемлекеттік кедендік бақылау ведомствосының кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары Сергей Гошко мәлім етті. Ол кеңесте шаруашылық субъектілерінің Кеден одағы жағдайындағы 2010 жылғы қызметтері талқыланды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
Әзірге бұл норма Кедендік кодекстен тыс шығарылып отыр және ол жеке халықаралық келісімшартпен қаралатын болады. Қазіргі таңда және 2010 жылы шілденің 1-інде Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін кедендік ресімдеу шаруашылық субъектілерінің тіркелген жерлері бойынша жасалады.
Кеден кодексінің күшіне енуімен байланысты бірқатар ұғымдар да өзгеретін болады. Бұл жерде күші тоқтатылғалы отырған кедендік режим туралы сөз болып отыр, Кодекс күшіне енгеннен кейін кедендік процедура күшіне енетін болады. Еркін кедендік аумақтың кедендік режимі мен еркін қойма режимі де кодекстен тыс қаралатын болады. Бұл режимдердің мәртебесі жекелеген мемлекетаралық келісімдермен анықталатын болады. «Еркін экономикалық аумақтардың резиденттерінің қызмет көрсетулер нарығындағы ойын ережелері кейінірек анықталады», деп нақтылады Сергей Гошко өз сөзінде.
Дегенмен, Кедендік кодексте: егер халықаралық шарт күшіне енбесе, еркін экономикалық аумақтың резиденті жұмыс істеп жатқан елдің ұлттық заңнамасының күші сақталатыны қадап айтылып отыр.
Сергей Гошко өткен жылы қарашаның 27-сінде Минскіде қол қойылған Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы келісімшарттың 2010 жылы шілденің 1-інен бастап күшіне енетінін тағы да еске салып өтті.