Кеден одағы Комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесуге қатысушылар ЕурАзЭҚ аясындағы Кеден одағы елдері кедендік қызмет өкілдіктерінің мәселелері жөніндегі кедендік істердегі ынтымақтастық және өзара көмектері туралы келісімнің жобасын қарады. Бұл жоба Кедендік одақ аумағындағы кедендік қызметтердің өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылдарының құқықтық негіздемелерін жасауға бағытталған.
Жиналған сарапшылар сондай-ақ Кеден одағының сыртқы шекарасындағы көліктік бақылауды жүзеге асыру туралы келісімнің жобасын, Өтпелі кезеңнің барысында арнаулы қорғаныс, антидемпингілік және өтемақылық шараларды қолданудың реті туралы келісімнің жобасын мақұлдады.
Комиссия мүшелері сондай-ақ Кеден одағының сыртқы және өзара сауда-саттығының ықпалдасқан ақпараттық жүйесін құру туралы тұжырымдаманы да мақұлдады.
Кеден одағы елдері үкімет басшыларының қазанның 15-інде өтетін кездесуіне әзірлік аясында, Комиссия мүшелері ЕурАзЭҚ-тың Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі келісімдердің дайындалу барысын да талдап шықты.