— Кез келген тауар түрлі себептермен кеденнен өтпей қалуы мүмкін. Ол себептердің ішінде негізгілері тәуекел индикаторлары. Мысалы, дрон алып өтпек болсаңыз, қауіпті биологиялық белсенді қоспалар болса, кеден органдары өткізбей тастайды. Тауардың бағасы ақылға қонымсыз төмен болса да тәуекел индикаторы іске қосылады. Мысалы, нарықтағы бағасы қымбат телефонды 1 еуроға сатып алдыңыз дейік. Шынымен оның бағасы 1 еуро болғанын құжатпен дәлелдеуіңіз керек болады, — деді ол.
Комитет сарапшысы тапсырыс берушілер кеденде шектеу қойылған тауардың тәуекел индикаторына жатпайтынын дәлелдеу құқығы бар екенін айтады.
— Бір өзіңізге деп 20-30 телефонға, 20-30 жейдеге тапсырыс берсеңіз де кеден органдарынан сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені коммерциялық қызметке арналмаған тапсырыс болғандықтан бір адамға бір тауардың 20-30 данасы қажет емес екені қисынды. Қалай болғанда да тапсырыс беруші тауардың бағасын, алғызу мақсатын дәлелдеуге құқылы, — деді Мархабат Омарова.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов онлайн сауданың дамуы елімізге экологиялық залал келтіріп жатыр деп мәселе көтерді.