Бұл туралы бүгін Астанада Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің тұрғындармен кездесуі барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде аттестация жүргізілетіні белгілі. Құқық қорғау органдарындағы арнайы шен мен погон тағуды талап етпейтін лауазымдағы бірқатар қызметкерлердің аттестациясы қайтарылып алынады деп күтілуде. Ақпарат үшін айта кетейін, Кедендік бақылау комитеті 90 пайызға аттестациядан айырылатын болады. Кедендік бақылау комитеті бұл - фискалды орган. Қызметкерлердің тек 10 пайызы ғана жедел-іздестіру қызметін атқарады. Сондықтан жақын уақытта қызметкерлердің қалған 90 пайызы аттестациядан айырылады», - деп атап өтті Б. Жәмішев.
Оның айтуынша, бұл қадам Елбасы Жолдауында құқық қорғау органдарының қызметін және Қазақстанның сот жүйесін дамыту тапсырмасына сәйкес орындалмақ.