Кедендік бақылау комитетінде бірқатар басшылар ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бірқатар тағайындаулар болды.

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне Қайрат Бараншинов тағайындалды. Осыған дейін ол Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған болатын.

Сонымен қатар Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаменті «Қордай» кеденінің басшысы қызметінен Ержан Абдрахманов босатылды. Осы кеденге басшының міндетін атқарушы болып Тұрсынбек Ермеков тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО бойынша департаменттің «Бақты» кеденінде басшылық етті.

Бұдан бөлек, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Қорғас» кеденінің басшысы қызметінен Совет Жүнісбеков босатылды. Бұл кеденге басшының міндетін атқарушы болып Нұрлан Әзімбаев тағайындалды. Осыған дейін ол «Достық» кеденінде басшы лауазымында болды.

Ал «Достық» кедені басшысының міндетін атқарушы қызметіне Мәлік Шайғалиев тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол «Қордай» кеденінің «Қордай-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің басшылығында болды.