Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық орталықтары мен транзиттік шама-шарқын дамыту бойынша және тауарлардың кедендік бақылаудан бастап, кедендік тазалаудан кейінгі кезеңдеріне екпін беру мәселелері сөз болды.
Кездесу аясында «GTI» компаниясының өткізу пункттеріндегі инфрақұрылымдарды басқару мен жаңашаландыру тәжірибесі қаралды. Кеңеске қатысушыларға Астана қаласында салынатын интермодельді логистикалық орталық кешені («ЕАТ» компаниясы) мен көліктік-логистикалық орталықтар («EUROTRANSIT TERMINAL» компаниялары) құрылысының жобасы таныстырылды. Жобалардың маңыздысы сол, «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесінің Қазақстанда өтуі алдында компаниялар тарапынан ұсынылатын болады.
Комитет төрағасы Кеңеске қатысушыларға кеден органдары тарапынан кедендік-салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары бойынша жоспарды тарату және Кеден одағының кеден шекарасынан өту кезіндегі кедендік-әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Қазіргі таңда еліміздің транзиттік шама-шарқын дамыту, халықаралық саудаға тигізер септігі көп маңызды мәселелердің бірі. Осының арқасында Оңтүстік-Солтүстік, Шығыс-Батыс бағыттарындағы континентальды және трансконтинентальды транзиттің іске асуына бұған қоса, Қазақстанның аумағы арқылы қазіргі заманның магистралды жүйесі қалыптасатын болады.
Мамандардың айтуынша Көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту шекаралық аумақтардағы тұрғындарды еңбекпен қамтиды, сонымен қатар қазақстандық жүк тасымалдайтын жүккөліктерді халықаралық тасымалдауға қолдану деңгейін көтереді.
Кеден одағының кеден шекарасынан жүк өткізу барысын тездету үшін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті мен ТЛО жобаларын жүзеге асырып жүрген компаниялар арасында өзара ынтымақтастық мемарандумына қол қойылған.