Кедендік одақ аясында үш елдің қаржы бақылау органдары бірлескен іс-шаралар өткізеді - С. Степашин

None
sp; Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы Кедендік одақ толығымен өз күшіне енгеннен кейін үш елдің қаржы бақылау органдары бірлескен іс-шаралар өткізбек.

Бұл туралы бүгін Жоғары қаржы бақылау органдары Халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы аясында журналистерге сұхбат берген РФ Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бәріміз білеміз, Кедендік одақтың нақты жұмысы шілде айынан бастап көріне бастайды. Оған дейін біз 200-ге жуық құжаттарды әзірлеуге тиіспіз. Ал тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында Қазақстан, Ресей және Беларустің Есеп палаталары бірлескен қаржы бақылау іс-шараларын өткізеді. Бұл келісімге біз жақында қол жеткізген болатынбыз. Аталған жұмыс барысында біз үш ел үшін Кедендік одақтың экономикалық тиімділігін зерделеп, бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасу жайын бақылайтын боламыз. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша бірінші басшылар мен Үкімет жетекшілеріне арнайы есеп беріледі», деп атап көрсетті С. Степашин.