Кедендік одақ бірлескен кәсіпорындар үшін тиімді болмақ

None
РАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кедендік одақ бірлескен кәсіпорындар үшін тиімді болмақ. Бұл туралы Орал қаласындағы «Экспо сервис» ЖШС директоры Василий Железнов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір көптеген кәсіпкерлер Кедендік одақтың құрылуы бизнесті өрістетуге кері әсерін тигізеді, ресейлік және беларустік тауармен бәсекелесу үлкен қиындық тудырады деп қауіптенеді. Ал бірлескен кәсіпорындар үшін Кедендік одақтың зиянынан пайдасы молырақ. Кедендік кедергілердің жойылуы мен салықтық төлемдердің жүйеленуі сауда-саттық саласындағы әріптестікті күшейтуге ықпал етіп, тасымалданатын тауар көлемін ұлғайтуға жол ашпақ. «Біз 2002 жылдан бері Ресейден пластмасса ыдыс-аяқ пен электр есептегіштер әкеліп сатумен айналысамыз. Үштік аумағында ортақ тариф пен ортақ сертификаттың енгізілуін кәсіпкерлерге жасалған қамқорлық деп білемін. Меніңше, халық, соның ішінде кәсіпкерлер қауымы Кедендік одақтың артықшылығын жете түсіне қойған жоқ. Бірақ уақыт өте келе бәрі өз орнына келеді деп сенемін», дейді ол.