деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келіссөздердің соңғы кезеңі маусымның 17-18-і кезінде, яғни Кедендік одақ комиссиясының қорытынды отырысы барысында өтеді. Бұдан кейін шілденің басында Президенттер жиналып барлық үдерістер бойынша соңғы нүктені қояды. Бұл шара Астанада шілденің 4-і мен 5-і кезінде өтеді»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.
Дөңгелек үстел барысында Кедендік одақ мәселелері бойынша Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Қаржы министрі Болат Жәмішев, басқа да министрліктердің өкілдері баяндама жасады. Сондай-ақ бұл жиынға Парламент депутаттары мен іскер топ өкілдері қатысты.