Кедендік одақ құрудың басты мақсаты - бәсекені күшейту - РФ министрі В. Христенко

Фото: None
sp;АСТАНА Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кедендік одақты құру нәтижесінде біз үшінші мемлекеттердің нарығында сенімді болуға тиіспіз. Сондықтан Кедендік одақ аясында өзара бәсекелестіктің артуы заңды. Бұл одақты құрудың басты мақсаты болса керек.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен кеңесте Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Кедендік одақты құру жолында туындап жатқан қиыншылықтарды дер кезінде анықтап, шұғыл түрде шешу қажет. «Осының арқасында біздің алға қарай басқан әрбір қадамымыз баяуламай керісінше, күшеюі тиіс. Осы орайда Ресей мен Қазақстанның алға қойған мақсат-міндеттері мен жобалардың көлемі екіжақта жинақталған мол тәжірибені іске асыруға мүмкіндік береді», деді В. Христенко.

Өз сөзінде ол Кедендік одақты құрудың басты мақсаты - бәсекелестікті күшейту екендігін ерекше атап өтті. «Кедендік одақты құру мәселесінде біз өзімізді үшінші мемлекеттердің нарығында сенімді сезінуге тиіспіз. Сондықтан Кедендік одақ аясындағы бәсекелестікті күшейту одақты құрудың басты мақсаты болып табылады», деді В. Христенко.