Кедендік одаққа мүше үш елдің экономикасындағы БЭК құру нәтижесіндегі өсім алғашқы 5 жылда 15-16 пайыздық деңгейде болжануда

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бірыңғай экономикалық кеңістік құрғаннан кейін Қазақстан, Ресей және Беларус экономикасындағы өсім алғашқы 5 жылда 15-16 пайыздық деңгейде болатындығы болжануда.

Бұл туралы «Бірыңғай экономкалық кеңістік. Құрылу мәселелері мен болашақ» атты тақырыпта өткен Мәскеу-Астана бейнекөпірі барысында ЕурАзЭҚ сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Чушкин мәлім етті.

БЭК құру нәтижесінде қатысушы елдердегі халық кірісі орташа есеппен алғанда 6-7 пайызға өсетіндігін атап өткен ол: «5-6 жылдық кезеңдегі экономикалық өсімдегі үстеме ықпалдасу тетіктерімен ғана ЖІӨ-де плюс 15-16 пайыз болады деп болжануда», - деді.

Сондай-ақ В.Чушкиннің атап өтуінше, ықпалдасудың жаңа деңгейі БЭК елдеріндегі технологиялар ағыны мәселелерін реттеуге мүмкіндік берумен қатар несиелік ресурстардың арзандануына инвестициялық әлеуеттің күшеюіне ықпал етпек.