Кедендік одақта әділ бәскелестік орнатпаса, отандық кәсіпкерлер ойсырап қалуы мүмкін - Р.Ошақбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев Кедендік одақта әділ бәскелестікті қамтамасыз ету мәселесі ушығып барады деп есептейді.

«Әділ бәсекелестіктің жоқтығынан біз түрлі салалардағы отандық кәсіпорындардың «мәйітін» шығарып жатырмыз. Бұның барлығы әділетсіздікке бой алдыратын кейбір нарық қатысушыларының әрекетінен болып отыр. Бұл оқиға ұлттық деңгейде, Кедендік одақ аясында болсын, шешуді талап ететін күттірмейтін іс», - деді ол бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, осындай мүшкіл жағдайға барлық саладағы кәсіпкерлер тап болуда. Осыған орай, ол ұлтүстілік орган осы мәселені шешуге қауқарлы екендігін мәлім етті.