Кедендік одақта әрбір шешім тең дәрежеде қабылдануы қажет - Литва елшісі Р.Бернотас

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кедендік одақ елдерінің басшылары Еуропалық одақты үлгі ретінде алдық деп отыр. Ал оның ішінде барлық шешімдер тең дәрежеде қабылданады. Бүгін журналистермен кездескен Литваның республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рокас Бернотас осылай айтты.

«Негізі, Еуропалық одақ бұл - географиялық орналасуы жақын мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың бір үлгісі. Оған дейін Африка елдерінің одағы пайда болған. Ал Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуропалық одақты негізге ала отырып, өз қауымдастығын құрдық деп жариялап отыр. Әрине, ол қуанышты жағдай. Алайда Еуроодақтың ұтымды бір жағы - оның аясындағы барлық шешімдер ұзақ талқылаудан кейін тең дәрежеде қабылданады. Ондайда әрбір елдің мүддесі ескеріледі. Меніңше, осы іспетті дауыс беру жүйесін Кедендік одақта да енгізген аса маңызды. Былайша айтқанда, әрбір елдің ұлттық мүддесін ескере отырып, ортақ бір шешімге келудің механизмі болған жөн», - дейді Р.Бернотас.

Айта кетейік, бүгінде Кедендік одақ комиссиясында дауыстың басым бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі. Оның үлесінде дауыстың 57 пайызы бар. Қазақстен мен Беларусьтың әрбіреуіне 21,5 пайыз дауыс берілген.