Аталған құжат автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікке, олардың жобалануы мен салынуына және жөндеуіне байланысты қажетті ең төменгі талаптарды белгілейді. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінде алуан түрлі жол қауіпсіздігі стандарттары жұмыс істеуде. Техрегламент түрлі талаптары көрсетілген көптеген құжаттарды біріздендіріп, барлық іс-қимыл қауіпсіздік мәселесіне шоғырланатын болады. Бұдан тыс құжатта жобалаушылар мен құрылысшылардың осы талаптарға сәйкестігін бағалау тәсілдері де белгіленетін болады.
Қазақстан Техрегламенттің 11 стандартын әзірлеп жатқандығын атап өткен жөн. Олар көпірлер мен жол өтпелерін жобалау, диагностика мен паспорттау, мұз қатуына қарсы материалдарды сынақтан өткізу және басқа мәселелерді қамтиды.