Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қазақстан шекаралық ынтымақтастықты құруды жоспарлайды - Қ.Бозымбаев
19:15, 21 Желтоқсан 2009
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қазақстан шекаралық ынтымақтастықты құруды жоспарлайды. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қордай ауданындағы «Қордай» кедендік бекетінде болған кезінде айтты. Аймақ басшысы аудан аумағында Қырғызстанмен шекаралас орналасқан жеті бақылау-өткізу пунктінің өткізу қабілетіне ынта қойды.
Ең ірі «Қордай» кедендік бекетінде де кептеліс пайда болатыны, Қазақстан-Қырғызстан шекаралары арқылы өтуге ниет танытқандардың барлығын бірдей өткізу мүмкіндігінің жоқтығы анықталды.
Кеденшілердің айтуынша, бұл проблеманы штат санын арттыру, сонымен қатар, жүк көліктерін «Қарасу» бақылау-өткізу пунктін пайдалану арқылы шешуге болады.
«Шекаралас аумақтарда сауданы жолға қою үшін Қордай ауданында ірі халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді әкім.