Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға, яғни 2 млрд.-қа артық. Осы уақыт аралығында кеденшілер 144 қылмыстық және 3 мыңға таяу әкімшілік істерді қозғап, 365 млн. теңге өндіріп алды. Қылмыстық істер бойынша тәркіленген тауар мен контрабандалық валютаның жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 1 келі 673 грамм сан алуан есірткі заттары шығарылды.