Беларусь кеденшілері биылғы жылы осымен үшінші рет ірі есірткі партиясының жолын кесіп отыр.
Польшадан шыққан Lexus жеңіл автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі «Брузги» шекаралық өткізу пунктінен өтпек болған.
Тексерістер барысында есірткі зат салынған 372 арнайы брикет табылды. Оларды алу үшін автомашинаны толығымен демонтаж жасауға тура келді.
Жүргізушіге, Ресей Федерациясының азаматына қатысты Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 328-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Есірткі заттарды шекарадан заңсыз алып өтпек болғаны үшін оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.