Кеденшілер жасанды олимпиадалық кәдесыйдың ірі партиясын тәркіледі

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Лондонның «Хитроу» әуежайында кедендік бақылау қызметі қызметкерлерлері әлемдік спорттың іс-шараның басталу қарсаңында 10 мыңнан астам жасанды кәдесыйлық тудың ірі партиясын тәркіледі.

 Бұл жайында шетелдік БАҚ-тар хабарлады.

Контрафактілік кәдесый өнімдері Ұлыбританияға Қытайдан жеткізілген әрі Лондонның оңтүстігіндегі импортерге арналған. алдын ала болжамды бағалауға сәйкес, аталған кәдесыйлар сатылымға түскенде жалпы құны шамамен 100 мың фунт стерлингті (156 мың доллардан астам) құрар еді.