2011-2016 жылдары GiveDirectly ұйымы ақша төлеу бағдарламасын жүргізгенде Кенияның Сиайя ауданы тұрғындарының 95% қатысқан. Уганда мен Руандада ақша алғысы келгендердің саны 96% болды. 2015 жылдың шілде айында GiveDirectly бағдарламасы Кенияның өзге ауданына - Хома Бэйге келді. Ондағы бас тарту көлемі 45% жетті. ВИЧ, ауыз су, аграрлы даму, білім берумен айналысатын өзге мемлекеттік емес ұйымдар да дәл осы мәселеге тап болған.
Лидің айтуынша, бар мәселе халықтың секемшілдігінде. Жарлы кениялықтар бейтаныс ұйымның тегін ақшаны беруіне сенбей, түрлі себептер ойлап табуда. Мәселен, бұл қаражаттың сайтанға табынумен байланысы бар деп есептейді.
Мамыр айында жарияланған эксперимент кезінде GiveDirectly қайырымдылық ұйымы алдағы 10-15 жылда Кения ауылдарының алты мың тұрғынына негізгі табыс төлейді. Қаржылық қиындыққа тап болған кениялықтар таңдап алынады.