«KEGOC» АҚ басшысы Қазақстан Орталық Азияның Бірлескен энергожүйесінен ажырай алатын жолдарды атады

None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев, Қазақстан Орталық Азияның Бірлескен энергожүйесінен ажырау жолдарын атады.

«Ажырау үшін бірнеше шарттарды орындау керек. Біріншіден, Бішкек пен Тараздан келетін желілер арасындағы қосқышты жабу үшін, бізге екі күн керек, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі тұтынушыларды Жамбыл ГРЭС-іне қосу үшін тағы бірнеше күн қажет», - деп анықтады Б.Қажиев Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында.

Онымен бірге, Жамбыл ГРЭС-і ол уақытта қалыпты жұмыс істеп тұруы қажет. «Мәселен, ажырау кезінде олардың қуаты 900 мегаватқа дейін болуы тиіс, ал ажыраудан кейін - кешкісін максимум 700 мегаватт», - деді ол. Б.Қажиевтың сөзіне қарағанда, бұл мәселе ҚР Үкіметінің келісімімен шешілуі мүмкін.