«Ажырау үшін бірнеше шарттарды орындау керек. Біріншіден, Бішкек пен Тараздан келетін желілер арасындағы қосқышты жабу үшін, бізге екі күн керек, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі тұтынушыларды Жамбыл ГРЭС-іне қосу үшін тағы бірнеше күн қажет», - деп анықтады Б.Қажиев Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында.
Онымен бірге, Жамбыл ГРЭС-і ол уақытта қалыпты жұмыс істеп тұруы қажет. «Мәселен, ажырау кезінде олардың қуаты 900 мегаватқа дейін болуы тиіс, ал ажыраудан кейін - кешкісін максимум 700 мегаватт», - деді ол. Б.Қажиевтың сөзіне қарағанда, бұл мәселе ҚР Үкіметінің келісімімен шешілуі мүмкін.