«KEGOC» АҚ Қазақстанның ең тиімді ұлттық компанияларының бірі ретінде танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі жүргізген сараптамалық сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанның ең тиімді ұлттық компаниялары арасында 2014 жылдың 9 айындағы көрсеткіштері үшін екінші орынға ие болды.

Сауалнама ұлттық компаниялардың 2014 жылғы 9 айдағы жұмыс сапасына неғұрлым әділ баға беру мақсатында бизнес саласы, үкіметтік емес ұйымдар мен талдау жасайтын қоғамдастық өкілдерінен құралған 60 сарапшы арасында өткізілді. Бағалау даму бағдарламасы мен жекелеген салалық жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктерді, соңғы тұтынушылармен жұмыс жүргізу сапасын, экономикалық даму болашағын, үздік жобаларды, әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын және т.б. қамтитын 10 өлшем бойынша жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері орташа балды есептеп шығару тәсілімен дескриптивтік статистикаларды қолдану арқылы SPSS әмбебап статистикалық бағдарламасының көмегімен өңделді. Жалпы рейтингтік көрсеткіштерді есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар қолданылды. Бұл рәсім «таразы» қолдану арқылы орташа арифметикалық балдарды қосу және шығару тәсілімен өткізілді, деп хабарлайды kegoc.kz.