«KEGOC»АҚ қызметкерлері Жеңістің 65 жылдығына арналған спартакиаданың жүлде қорын соғыс ардагерлеріне аударды

СТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - Электр желілерін басқаратын «KEGOC» компаниясы қызметкерлерінің дәстүрлі жыл сайынғы спартакиадасы биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналды.

«KEGOC» АҚ-ға қарасты мекемелер мен өкілдіктер қызметкерлерінен құралған 11 топтың шешімімен 300 000 теңге көлеміндегі жарыстың жүлде қоры Бурабай ауданының (Щучинск қ.) соғыс пен еңбек ардагерлері кеңесінің есепшотына аударылды.

Спорт ойындарының салтанатты жабылу рәсіміне Щучинск қаласында тұратын 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Леонид Кутепов, Василий Пазыч және интернационалист-жауынгер Александр Огородников шақырылды.

«KEGOC» АҚ вице-президенті Бақытжан Қажиев айтқандай, жарыс қатысушылары ардагерлер ерлігіне құрмет белгісі ретінде жарыстың жүлде қорын аударуды бір ауыздан қолдаған.

Майдангерлер жарысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жас буынның ел намысын жоғары ұстап, жеңістің қандай бағамен қолға түскенін әрқашан есте сақтауын тіледі.