«KEGOC» АҚ ұжымы референдумның өтуін жақтайды - Павлодар облысы
- деп мәлімдеді Екібастұзда өткен ашық жиналыс кезінде АҚ-ның екібастұздық филиалының директоры Нұрлан Дүйсенов. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ашық жиналысқа атқарушы дирекция мен компанияның өңірдегі филиал қызметкерлері, «KazEnergy» қауымдастығының өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Жиналыста сөз алғандардың барлығы KEGOC компаниясы бастаған ұлттық энергия желісін дамыту жөніндегі ірі көлемдегі жобалар ҚР Президентінің қолдауы арқасында жүзеге асқанын атап өтті.
Жиналыс қорытындысы бойынша KEGOC компаниясының ұжымы: «Келер онжылдықтағы ел алдында тұрған міндеттердің ауқымды екенін түсіне отырып және олардың іске асуын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстыра отырып, Президенттің өкілеттілігі мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумның өтуін қолдаймыз», - деген шешімдерін жария етті.