Сайттағы мәліметтерге қарағанда, AIX алаңында SPO-ға Tabys қосымшасындағы тікелей жазылым функциясы мен жергілікті банктердің қосымшалары арқылы 2,2 млрд теңгеге өтінім түсті, бұл жалпы өтінімдердің 54% құрайды.
AIX басқарма төрағасы Әсел Мұқажанованың айтуынша, KEGOC - ішкі нарыққа арналған дивидендтік құнды қағаз. Қазақстандық инвесторлар арасында оған деген сұраныс өте жоғары. Себебі - инфрақұрылымдық компаниялар тұрақты, оларға сыртқы экономикалық факторлардың әсері шамалы. Қазақстан азаматтары үшін бұл SPO – ұлттық электр желілілері операторының акционері болуға таптырмас мүмкіндік.
«Біз жеке инвесторларға ұлттық компаниялардың жекешелендірілуіне қатысудың ең оңай тәсілін ұсындық, ол - Tabys қосымшасы және банктермен онлайн интеграция. SPO KEGOC кезінде жеке инвесторлардан 2,2 млрд теңгеге 11 мың өтінім келіп түсті».