KEGOC еліміздегі төрт облыста электр қуатының шектелуіне қатысты түсінік берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстігіндегі 4 облыста электр қуаты уақытша шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «KEGOC» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 ақпанда елорда уақыты бойынша шамамен 20:00-да жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен қатты желдің кесірінен «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ (ВЛ-500кВ) жоғары кернеулі желі өшті. Бұл Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесін БЭЖ-ден ажыратты. Салдарынан Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысытарына электр қуатын жеткізу шектелді», делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, сағат 20:57-де Қазақстанның Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесі БЭЖ-ге параллель қосылды.

Сағат 21:27-де барлық шектеу алынып тасталды, электр қуатын беру қалпына келтірілді, энергия жүйелері штаттық режімде жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар