«KEGOC» компаниясы журналистерді марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ жыл сайынғы Қазақстанның Ұлттық электр энергетикасы жүйесін дамыту және «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларының өзекті мәселелерін жазған үздік материалдарға жарияланған республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы байқау комиссиясының қарауына байқау тақырыбына сәйкес қазақстандық БАҚ-та (интернет-БАҚ қосқанда) жарық көрген  96 жарияланым ұсынылды. Олардың ішінен мазмұны жағынан байқауды өткізу талаптарына жауап беретін 42 материал таңдап алынды»,-дейді байқаудың ұйымдастырушылары.

«KEGOC»  компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, баяндау ерекшелігі мен жанрларына сәйкес, кәсіби шеберліктерін, өзектілігін, материалдардың маңыздылығын ескере отырып, Комиссия байқауды өткізу тәртібіне сәйкес 9 (тоғыз) аталымды анықтап, «Жүйелілік және деректілік» аталымы бойынша - «ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН» жаңалықтар порталының редакциясын; «Өзекті жарияланым» аталымы бойынша - «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық газетінің редакциясын,   «Белсенді көзқарас» аталымы бойынша - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігінің редакциясын;  «Жедел ақпарат» аталымы бойынша - LS Aqparat ақпарат агентігінің редакциясын;«Үздік салалық талдау» аталымы бойынша - «КурсивЪ» газетінің редакциясын;  «Өзектілік» аталымы бойынша - Венера Гайфутдинова, «Forbes.kz» іскери журналының тілшісін;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             «Аймақтық шолу» аталымы бойынша - «Наша жизнь» Павлодар облыстық газетінің редакциясын; «Үздік жарияланым»  аталымы бойынша «Казахстанская правда» республикалық газетінің редакциясын; «Ақпараттық қолдау» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакциясын үздік деп тапты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін «KEGOC»  АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев марапаттап, еліміздің электр желісінің жай-күйін жазып жүрген журналистердің еңбегіне зор баға берді.