KEGOC компаниясына жаңа президент тағайындалды

АСТАНА.  Желтоқсанның   10-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ -  Алмасадам Сәтқалиев   KEGOC компаниясына  жаңа президент болып тағайындалды.

 Бұл туралы   ҚазАқпарат тілшісіне компаниядан   хабарлады.

Жаңа басшыны  ұжымға  таныстыру   шарасына «Kazenergy»  қауымдастығының  төрағасы   Тимур  Құлыбаев    қатысты.

А.Сәтқалиев  бұған дейін    компания президентінің міндетін  атқарушы болып келген. Ол  1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 1992 жылы бітірген,   мамандығы - механик, қолданбалы математика. Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.