АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы «KEGOC» АҚ құнды қағаздарды орналастыру параметрлерін бекіткен соң IPO-ға шығу мерзімін қосымша жариялайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барлық қажетті құжаттар белгіленген тәртіппен компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен ҚР Үкіметіне қарауға және шешім қабылдауға жіберілді. Орналастырудың негізгі параметрлері бекітілгеннен кейін KEGOC-тың IPO-ға шығу мерзімі белгіленеді және жария етілетін болады», - делінген «KEGOC» АҚ мәлімдемесінде.
Мәлімдемеде айтылғандай, қазіргі уақытта компания кеңесшілер тобымен бірлесе отырып, «KEGOC» акциялар топтамасын қаржы нарығына шығару бойынша дайындық шаралары мен ішкі корпоративтік рәсімдерді аяқтады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.