KEGOC журналистер арасында байқау жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ баспалық, электрондық және интернет-БАҚ журналистері арасында ҚР электр энергетикасы саласы дамуының өзекті мәселелері жөніндегі ең үздік жарияланымдар байқауын өткізетінін хабарлайды.

Байқау өткізудің мақсаты еліміздің электр энергетикасы саласының өзекті мәселелеріне, оң өзгерістеріне БАҚ назарын аударту, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы және келешектегі инвестициялық жобаларын ақпараттық қолдау болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін баспалық, электрондық және Интернет-БАҚ беттерінде 2014 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында жаияланған мақалалар қабылданады. Үміткерлер 2014 жылғы 5 желтоқсанға дейін тақырыбын «БАҚ конкурсына өтініш» деп көрсетіп, толтырылған өтініш үлгісін және өз жұмыстарын (жарияланған мақаланың сканерден өткен нұсқасын немесе мақаланың аудио-бейне жазбасын) konkurskegoc2014@gmail.com электронды мекенжайына жолдай алады.

Конкурсқа қатысу туралы толық ақпаратты www.kegoc.kz сайтынан алуға болады.