«KEGOK» басшысы: Батысты біртұтас жүйеге қосу шығыны келесі тарифке енуі мүмкін
«KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов елдің оңтүстік аймағындағы электр желілерін күшейту үшін сырттан қосымша қарыз алу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол жобаның 30 пайызын өз қаражатымызбен, 70 пайызы қарыз есебінен қаржыландыру жоспарланған. Қазір біз Азия Даму Банкімен және Қазақстан Даму банкімен қаржы шарттарын талқылап жатырмыз. Қарызға алатын қаражат 70-ке 30 пайыз мөлшерінде қалыптасады. Ал пайыздық мөлшерлемесі шарттарын банкпен бірге талқылап жатырмыз», - деді акционерлік қоғамның басқарма төрағасы.
Нәби Айтжанов Батыс Қазақстанның елдің біртұтас энергетика жүйесіне қашан қосылатыны туралы да айтты.
«Батыс Қазақстандағы жобаға келсек, компанияның даму жоспарына енгізілген. Әуел баста жоба 2025 жылдан басталып, 2026 жылға деп жоспарланған. Бірақ біз оны жеделдететін шығармыз. Қаржыландыру туралы айтсақ, жобалау жұмыстары қалыптасып жатыр және одан кейін қарыз алатын банкті ойластырамыз. Яғни, қаржыландыру мәселесін жоспарлауға көшеміз. Батысты біртұтас жүйеге біріктіру әзірге тарифке енгізілмейді. Келесі тарифке кіруі мүмкін», - деді Нәби Ахметжанов.