«KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзінің еңбекақысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Компания қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзіңіздің айлығыңыз қанша?», - деп сұрады БАҚ өкілі компания ұйымдастырған брифингіде.
Нәби Айтжановтың айтуынша, акционерлік қоғам қызметкерлері айына орта есеппен 450 мың теңге алып отыр.
«KEGOK» компаниясы бойынша қызметкерлердің орташа айлығы – 450 мың теңге. Ал өзімнің айлығым 1 млн 900 мың теңге», - деді Нәби Айтжанов.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.