Керей мен Жәнібек ханның қазіргі батыс Жетісу аумағына қоныс аударуының арқасында жаңа мемлекет - Қазақ хандығы құрылды. Сол кезде қазақ халқының заманауи атауы қалыптасып, XV ғасырдың аяғынан бастап «қазақ» термині пайда болды. Бұл ел тарихының нақты фактілері десек те, ғалымдар мен тарихшылар арасында бұған балама пікірлер де жетерлік.
Тарихсыз ел, мемлекет болмайды. Сондықтан «Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» ОФ 2014 жылғы 8 қарашада «Қазақ этносының қалыптасу тарихын зерделеу және соған сай монография дайындау мақсатында жұртшылықпен жұмыстар ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Астанада алғашқы жоспарланған кездесу өтті. Оның негізгі мақсаты қазақ этносының кешенді этномәдени, этнографиялық, этноәлеуметтік зерттеу нәтижелерін халыққа тарату, «Қазақ этносы және қазақ (стандық) барабарлық: қалыптасу тарихы және заманауи үрдістер» тақырыбында монография даярлау бойынша келешекте ұсынымдар әзірлеу мақсатындағы зерделеу мәселелерінде даулы тұстарды анықтау болды.
Кездесу басында жоба басшысы филологиялық ғылым кандидаты Козыров Тимур Анатольевич кіріспе сөз сөйледі. Ол «келешекті қолға алу үшін» өз елінің тарихын жете білу маңызды екенін тағы бір мәрте баса айтты. Содан кейін ол өз баяндамасын оқыды. Одан кейін кездесудің басқа қатысушылары сөз алды. Олар Аяған Б. Г. (Мемлекеттің тарих институты), Р. М. Әбдірахиева (социология магистрі), М. А. Сыдықназаров (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеу орталығының директоры), Д. Қосназар (Назарбаев-орталығы) болды.
Баяндама тақырыптары қазақ халқы тарихының пайда болуы, «қазақ» терминінің алғаш шыққан кезі, ел аумағына мұсылман дінінің тарауы, қазақ ұлтының бірлігі, олардың руға, тайпаға бөлінбейтіні жайында өрбіді. Олар ұлттық тарих туралы үзік зерттеулерден арылып, тұтас көріністі қоғам қалыптасыруға ұмтылу қажеттігін айтты.
Сараптамалық комиссияға ғылыми әлемде пікірі тыңдалатын бес адамнан тұратын ғалымдар мен зерттеушілер кірді. Олардың ішінде Т. А. Козыревтің өзі, ғылыми консультант - Г. А. Ақсақалова, Мемлекет Тарих институты директорының орынбасары - Р.Д. Темірғалиев, саяси ғылымдар докторы Г.К. Күлжанова, Халықаралық Түрік академиясының әлеуметтік-экономикалық зерттеу орталығының менеджері, әлеуметтік ғылым кандидаты К.Э. Жаманқұлов бар. Сарапшылардың алдында күрделі жұмыс күтіп тұр, олар қазақ этносының қалыптасу тарихына арналған аңыздарды, тарихи айғақтар, фольклор мен басқа да дереккөздерді зерделеп, тарихи айғақтарды қорытындылап, монография дайындау қажет.
Көптеген баяндамашыларға уақыттан шектеу қойылмады. Бұл аталмыш тақырыптың кең де көп қырлы екенінің дәлелі.
Келесі кездесу 15, 22 қарашаға тағайындалды. Онда осы мәселелер кеңінен пысықталатын болады. Үш кездесу нәтижесі бойынша жоба тақырыбына арналған монография жасалады. Осы жұмыс нәтижесінде жарияланатын мәліметтер әр қазақстандық үшін қызықты болатынына еш күмән жоқ.
Жанна Бекбергенова