13:35, 26 Қыркүйек 2013
Келер жылдың көктемінде елордада «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының ілкі бөлігі іске қосылады
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 сәуірінде елордада «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының ілкі бөлігі іске қосылады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Smart Astana - 2013» жылсайынғы 3-ші халықаралық конференция барысында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«Зияткерлік көлік жүйесі» жобасы аясында орталықтандырылған мультимоделдік басқару енгізілетін болады. Ол жол мен транзиттік желілердің өнімділігін оңтайландыру,а, жолға кететін уақытты төмендетуге мүмкіндік береді. Біз бұл жобаны іске асыруға кірісіп те кеттік. 2014 жылдың 1 сәуірінде ілкі бөлігі жүзеге асырылатын болады және бұл жүйені 2017 жылға дейін толық енгіземіз»,- деді ол.