«Орталық және жергілікті органдардың дербестігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджеттеу тәсілдері қайта қаралып жатыр. Жергілікті деңгейге орталықтан шығыс өкілеттіктерін бір мезгілде бере отырып, қосымша кіріс көздері беріледі. Бұл өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді бірінші-вице министр.
Сондай-ақ, ол жаңа Бюджет кодесі қашан әзірленетінін айтты.
«Жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатыр. Бұл жұмыс шеңберінде Блоктық бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу пысықталуда. Құжат бюджет процесін түбегейлі жеңілдетуге және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі орталықсыздандыруға бағдарланады. Құжатты келесі жылдың қыркүйегінде Парламенттің қарауына енгізу жоспарланған», - деді Тимур Жақсылықов.