Келесі аптада Астанада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Елордада алдағы апта түрлі мәдени шараларға, соның ішінде концерттерге, көрмелерге, көп жанрлық қойылымдарға толы болады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

16 қазан күні сағат 19.00-де «Жастар» сарайында DS CREW тобының алғашқы жеке концерті өтеді. 

Осы күні QAZAQSTAN орталық концерт залында симфониялық оркестр мен Ne prosto оркестрінің хоры орындайтын «Керемет ғасыр» саундтрек концерті ұйымдастырылады.

17 қазан күні сағат 10.00-де Тарихи-мәдени мұралар ескерткіштері мен нысандарын сақтау орталығының «Қастерлі карта. Елорданың ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы» көрмесі болады.

«Жастар» театрында сағат 18.30-да көрермендерге С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклі көрсетіледі.

19.00-де «Астана Опера» театрында «Періштелер музыкасы» концерті өтеді.

Осы күні «Жастар» сарайында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Сарайшықтан сәлем саз» атты концерті өтеді.

18 қазан сағат 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» әскери-патриоттық іс-шарасын өткізеді. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі.

18.30-да «Жастар» театрында Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Қош, махаббат» спектаклі қойылады.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.

«Астана Опера» театрында «Богема» спектаклі көрсетіледі.

19.00-де «Жастар» сарайының сахнасында халық аспаптар оркестрі мен «Сармат» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

19 қазанда ЭКСПО көрме орталығында халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері басталады.

Сағат 18:30-да «Жастар» сарайында таңдаулы мультфильмдердің саундтректері ойналады.

19.00-де Қ.Қуанышбаев театрында «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

20 қазан күні сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» көрмесі басталады.

14.00, 16.00-де Қуыршақ театрында «Отбасылық альбом» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де «Астана Опера» театрында «Жібек баспалдақ» фарс-операсы өтеді.

Осы күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алиса ғажайыптар елінде» цирк және театр қойылымы болады.

21 қазанда «Жастар» сарайында жас көрермендер «Көк трактор» музыкалық қойылымын тамашалай алады. Уақыты: 11:00, 14:00, 17:00.

12.00 және 16.00-де Қуыршақ театрында «Отбасылық альбом» қойылымы көрсетіледі.

18.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Боранды бекет» спектаклін қояды.

22 қазанда 13:00, 15:00 және 17:00-де «ҚазМедиа Холл» сахнасында «Алиса демалыста» атты балалар театрландырылған шоуы өтеді.

19.00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Құдайберген Бекіштің концерті болады.