Аудан әкімі Ақментай Есбаев жаңа нысанның лентасын қиып, қуанышқа жиналған мамандарды құттықтап өтті. Ғимаратта жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған әкімшілік ғимаратын аралап шықты.
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген нысан аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін өте қолайлы болмақ. Себебі, аудан қайта құрылған жылы мемлекеттік мекемелердің жайғасатын ғимараты мәселе туғызған болатын. Бүгінде сол мәселе шешімін тауып отыр»,- деді аудан әкімі.
Әкімдік ғимаратында 4 дербес бөлім мен Абай ауылы әкімі аппараты қызметкерлері қоныстанады. Бұл өз кезегінде қызмет алушы жергілікті тұрғындар үшін де қолайлы болмақ.