Бұған дейін ескі үйді паналап отырған отбасы қайырымдылық қорының арқасында 5 бөлмелі үйге қол жеткізді. Жалғыз өзі перзенттерін жетілдіріп, талай қиындықты бастан өткеріп жүрген ана қайырымдылық жасаған жандарға алғысын жеткізді.
«Оразаның 30 күнінде 30 үйді табыстауды ниет еткен қайырымдылық қорының назары бұл жолы Келес ауданынан тысқары қалмады. Қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жылдың жүзі болған еді. Дегенмен аз уақыттың ішінде оның шапағатын көргендер көп. Еліміз бойынша бүгін 186-шы үйдің кілті табыстадық»,- дейді қайырымдылық қордың мүшесі Әлімбек Ғалымжан.