Оған қоса, ауыл әкімдігі санитарлық тазалықты сақтауда тұрақты түрде сенбіліктер өткізуде.
Әкімдіктің жоспарын ауыл билері де қолдады. Ақсақалдар әр отбасы 1 сәуірге дейін 10 түп көшет отырғызуды жеткізуде. Қариялар тазалыққа немқұрайлы қарайтын аулалардың суретін көпшілікке көрсетіп, мәселені шешу жолдарын қарастыруға уағдаласты.
Көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған тұрғындар үй іргелерін тазалап, ағаштар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Шара барысында жергілікті халық ауыл іргесіндегі мазараттың айналасына шырша ағашын отырғызды.