ҚР Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарыағаштық шекарашылар өткен түнде, сағат 23.00 шамасында Келес өзенімен малтып, Қазақстан шекарасынан өтуге әрекеттенген ер адам қолға түскен. Жасы 30-дар шамасында. Ешқандай құжаты жоқ. Ол өзін 1990 жылы туған Қазақстан азаматымын деп таныстырған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау орындары құлақтандырылып, тексеру жүріп жатыр.